Практикадан өту процесі

Белгіленген талаптарға сәйкестік критерийлері:

  • Кредиттік практика

Практикаға академиялық қарыздары (яғни академиялық немесе шартты сынақ мерзімі) жоқ студенттер жіберіледі. Сынақ мерзімі оқуға немқұрайлы қараудың салдарынан тәртіптік жазаларды қамтуы мүмкін академиялық және академиялық емес үлгермеушілік себебіне байланысты тағайындалады. Мектептер осы тармаққа ескертулер енгізе алады.

Қандай да бір қатаң академиялық қарыздардың болмауы.

Мектеп барлық кредиттік практикаларды мақұлдауы тиіс.

  • Рұқсат етілген практика

Практикаға академиялық қарыздары (яғни академиялық немесе шартты сынақ мерзімі), сондай-ақ тәртіптік жазаларды қамтуы мүмкін академиялық және академиялық емес үлгермеушілік себептер бойынша тағайындалатын сынақ мерзімі жоқ студенттер жіберіледі

Қандай да бір қатаң академиялық қарыздардың болмауы.

Инженерия мектебі

  • Кредиттік практиканы оқу бағдарламасы мен мамандыққа сәйкестігін тексерген соң Мектептегі өзіңіздің кураторыңыз мақұлдауы тиіс.
  • Оқу бағдарламасының шеңберінде 6 кредит алу үшін Инженерия мектебінің студенттері ұзақтығы 240 сағаттан немесе 6 аптадан тұратын практикадан өтулері тиіс.
  • Мектеп әрбір бағдарлама бойынша кураторларды/тәлімгерлерді тағайындайды, әрі қарай бағалау жүргізу үшін оларға күнделікті/түпкілікті есептерді жолдайды. Студент практикадан өткен соң әр пән бойынша, сондай-ақ практикаға дейін кездесулер мен басқа жұмыстардың нәтижелері бойынша жазбаша есеп беруі тиіс (мысалы, таныстырылымдар, журналдар, жұмыс жоспарлары).
  • СКБДО-ға студенттің қызметіне жетекшілік ететін компания қызметкерлерінің пікірлері мен студенттің өз түсіндірмесінің сканерден өткізілген көшірмелерін ішкі есепке алу үшін ұсыну қажет. Практиканың осындай түрі тікелей сіздің мамандығыңызбен байланысты болуы тиіс.
  • Әдетте Мектеп тек екі практикаға кредит береді. Үшінші практика бойынша кредит алғысы келетін студент деканнан арнайы рұқсат алуы тиіс. Практика Мектеп белгілеген пәндердің жалпы санына есептеледі.
  • Кредиттік практиканың болжамды ұзақтылығы куратор белгілеген қосымша пәндерді оқуды қоса алғанда, ECTS бойынша 4 кредит берілетін жұмыс уақытының 80 сағатына тең, бұл жұмыстың және аптасына түрлі кездесулерге қатысудың 2 сағатына тең.
  • Практика әрбір студентке сабақтарда алған білімін пайдалану мүмкіндігін беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алудың жалғасы болуы тиіс. Жұмыс беруші практикантты штат қызметкері ретінде санамауы тиіс.
ГӘҒМ үшін

  • ГӘҒМ-де практиканы ұйымдастыру жөніндегі комитет қандай да бір практиканың кредиттік болып табылуын айқындауы тиіс. Комитетті ГӘҒМ-ның деканы тағайындайды.
  • Әрбір семестрде әр пән бойынша жеке оқытушы тағайындалады. Оқытушыны тағайындау практиканы тіркеу үшін қажет. Оқытушы студенттердің үлгерімін бағалайтын болады. Оқытушының мамандану саласы студенттердің таңдап алған практикасына немесе мамандығына сәйкес болуы міндетті емес.
  • Студент практикадан өткен соң, сондай-ақ практикаға дейін және семестр бойы жүзеге асырылған кездесулер мен жұмыстардың нәтижелері туралы әрбір пән бойынша жазбаша есеп ұсынуы тиіс (мысалы, таныстырылымдар, журналдар, жұмыс жоспарлары).
ҒТМ үшін

  • Қандай да бір пән бойынша өткізілетін практика ҒТМ-нің белгіленген кафедралары шеңберінде әрбір тиісті кафедраға арналған пәндердің (практика – химия бойынша) жалпы санына есептеледі.
  • Практиканы тіркеу үшін әрбір пән бойынша жеке оқытушы тағайындалады. Білім беру саласында мамандандырылған немесе практикалық тәжірибесі бар оқытушыны тағайындаған жақсы.
  • Оқытушының мамандану саласы студенттердің таңдап алған практикасына немесе мамандығына сәйкес болуы міндетті емес.
  • Практика әрбір студентке сабақтарда алған білімін пайдалану мүмкіндігін беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алудың жалғасы болуы тиіс. Жұмыс беруші практикантты штат қызметкері ретінде санамауы тиіс.

Инженерия мектебінде практикадан өту кезеңдерін белгілеу:

  1. Практикадан өту тек семестрлер кезінде ғана (тек қана жазғы семестрлерде) мүмкін.
  2. Бағалауға арналған барлық материалдар, оның ішінде пән бойынша курс жұмыстары мен студент практикадан өткен ұйымдар берген бағалар семестрдің соңына дейін қойылуы тиіс.

ГӘҒМ-де практикадан өту кезеңін белгілеу:

  1. Егер практика кезекті семестр кезінде жүзеге асырылса (жазғы семестрді қоспағанда), ұйымда практикадан өту кезіндегі жұмыс уақыты аптасына 15 сағаттан аспауы тиіс.
  2. Студенттер семестр (күзгі, көктемгі немесе жазғы) кезінде практикадан өтулері тиіс.
  3. Кредиттік практика семестр басталғанға дейін екі апта бұрын басталуы мүмкін. Осындай жағдайларда студенттер практика бойынша кредиттерді есептеу кезеңіне дейін кредиттерді алу үшін барлық ұйымдастырушылық шараларды қабылдаулары тиіс.

ҒТМ-де практикадан өту кезеңін белгілеу: 

  1. Студенттер семестр кезінде (күзгі, көктемгі немесе жазғы) практикадан өтулері тиіс. Алайда уақыт барлық тараптардың келісімі бойынша белгіленуі мүмкін.
  2. Бағалауға арналған барлық материалдар, оның ішінде пән бойынша курс жұмыстары мен студент практикадан өткен ұйымдар берген бағалар семестрдің соңына дейін қойылуы тиіс.

Студенттерге арналған практика бойынша гид-2016