Студенттерге

НУ  мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының негізгі міндеті студенттердің академиялық және кәсіптік таңдауына көмек көрсету болып табылады. Ол рекрутинг үрдісі мен студенттерді қабылдаудан басталады. НУ талапкерлеріне болашақ мамандықтарының негізінде Даярлық орталығының бағдарламасын таңдау керек. Талапкер болашақ қызметінің түрін анықтауға арналған бірнеше тест тапсыруы тиіс. Бұл тесттер талапкердің мінез-құлқын анықтауға және осы мінез-құлық түрі үшін қолайлы қызмет түрлерін ұсынуға арналған.

Дағдыларды бағалауға арналған тестілер:

· CareerTest· Jung Typology Test

· The Insight Game

· Work Preference Inventory

· Big Five Personality Test

· 16personalities

·Literacynet

· Career Interest Game

· Myers Briggs Personality Test

 

Студенттердің Университетте білім алуы кезіндегі мансаптық қызметінің жоспары

БІРІНШІ ЖЫЛ

Басымдылықтар – кампустағы өмірге бейімделу;  академиялық қызмет пен әлеуметтік іс-шараларды теңдестіре білу.

Келесі қадамдар

  • Мамандықтың басқа да нұсқаларын зерделеу
  • Кампустағы өмірге қатысу үшін қызықты іс-шаралар ойлап табу
  • Басқа студенттермен танысу

Қосымша

  • Мансаптық мүмкіндіктер туралы ойлай бастаңыздар
  • Келешекте магистратура немесе докторантура бағдарламаларына оқуға түсуді қарастырыңыздар
  • Ақша табу немесе тәжірибе жинау үшін жарты ақыға жұмыс істеу немесе жазда жұмыс істеу мүмкіндіктерін қараңыздар
  • Талдау қабілеттерін, коммуникациялық, тұлғааралық немесе көшбасшылық дағдыларды құру тәсілдерін табыңыздар.

ЕКІНШІ ЖЫЛ

Басымдылықтар  – мамандықты таңдау

Қосымша  – өз мамандығыңыз бойынша мансаптық мүмкіндіктерді зерделей бастаңыздар

Келесі болжамды қадамдар

  • Мүдделерді, дағдыларды, күшті жақтары мен құндылықтарды бағалау
  • Өзіңізді қызықтыратын мансап туралы ақпарат жинаңыз
  • Егер келешекте Медицина мектебіне түсуді қарастырсаңыз, қажетті тәжірибе жинаңыз және құжаттарды қабылдау мерзімі туралы сұрап біліңіз
  • Оқуға түсу үшін жақсы ұсыным хат алу мақсатында оқытушылармен байланыс орната бастаңыз
  • Түйіндеме құрастырыңыз немесе қолда барын жаңартыңыз
  • Волонтерлік, жазғы немесе жартылай жұмысты, немесе практиканы іздеңіз
  • Студенттік ұйымдарда көшбасшылық дағдыларыңызды көрсетіңіз

ҮШІНШІ ЖЫЛ

Басымдылықтар – мансап/жұмыс бойынша ұсынылған мүмкіндіктерді зерделеңіз және маңыздыларын ғана таңдап алып қараңыз:

  • Мүдделер, дағдылар, мүмкіндіктер мен құндылықтар туралы мәліметтер жинаңыз
  • Мансап және білім алу мақсаттарын айқындау үшін ең тартымды мансаптық мүмкіндіктерді мұқият зерделеңіз
  • Қызықтыратын салалар мен ортада қарым-қатынастар орнату және әлеуетті жұмыс берушілер туралы ақпарат жинаңыз
  • Түйіндемені жаңартыңыз
  • Мамандыққа деген қызығушылығыңызды тексеру және жұмыс берушілерге ұнайтын дағдыларды алу үшін жарты күндік жұмысқа орналасыңыз немесе практикадан өтіңіз
  • Күтілетін нәтижеге жету жолдарын, оқуға түсу талаптарын, мерзімі мен рәсімдерін түсіну үшін жоғары оқу орнынан кейін білім алу мүмкіндіктерін зерделеңіз.

ТӨРТІНШІ ЖЫЛ

Осы кезде көптеген студенттер мансаптық мақсаттарды немесе кәсіби тұрғыдан даму жоспарларын ойластырған болса, ал кейбіреулері оқудың төртінші жылында енді ғана іздей бастайды.

Болжамды қызмет түрлері

  • Оқу бітірген соң үздік таңдау туралы шешім қабылдау және бір немесе екі резервтік жоспар құру
  • Жақсы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәжірибе жинау
  • Қарым-қатынастар орнатуды жалғастыру және кәсіби желі құру (network)
  • толық жұмыс күніне жұмысқа орналасу; жұмыс берушілерді зерделеу және тиімді жұмыс іздеу
  • жұмыс берушіге университеттен кейін жұмыс істеуге дайындықты көрсете білу
  • Кәсіби этикетке үйрену, түйіндемені жақсылап құрастыру және сұхбаттасудан өтуге дайындалу
  • Егер әрі қарай оқуға түсуді жоспарласаңыз, мерзімінен кешіктірмей құжатты тапсыруға үлгеру.

KZK_3736