Студенттерді кәсіби дамыту

Студенттерді кәсіби дамыту

Қызметкерлердің білімі мен дағдылары әрқашан бағаланып отырады, сондықтан әрқашан өз білімдеріңізді шыңдатыңыз.

  • Өз біліміңізді жетілдіріңіз;
  • Өзіңіздің ең маңызды кәсіби дағдыларыңызды дамытыңыз;

Орталық оқу жыл бойы іске асырылатын Студенттердің кәсіби даму бағдарламасын  құрастырды. Бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады:

  • Компаниялар презентациялары, Мамандық күндері;
  • Экскурсиялар, компаниялардың жұмыс үрдістерімен студенттерді таныстыруды көздейтін іс-шаралар;
  • Мансап күні/рекрутингтік іс-шаралар;
  • Жаттығу сұхбаттар;
  • Түйіндемелерді және ілеспе хаттарды жазу бойынша семинарлар;
  • Дағдыларды дамыту бойынша семинарлар;

Іс-шараларға қатысу үшін біздің үнтізбені текесеріңіз және CAC CareerNet/Events/Workshops тіркеліңіз.

Түйіндеме және ілеспе хаттар

Түйіндеме және ілеспе хаттар жұмыс іздеу үрдісінің маңызды компоненті болып табылады. Сіз толық күнге/жарты күнге жұмысты, практиканы, немесе волонтерлік жұмысты немесе оқуыңызды жалғастыруды жоспарлап отырсаңыз, сізге жақсы кәсіби құжаттарды дайындау қажет.

Сіздерге НУ түйіндеме үлгісін қолдануға кеңес береміз, немесе Орталық кеңесшілерімен сіздің түйіндемеңізді тексеру үшін консультацияға келуіңізге болады.

 Ілеспе хатты жазуыдың негіздері:

  •  Барлық ақпарат 1 беттен аспауы қажет;
  •   Шрифт нақты және оқуға оңай болуы тиіс, шрифттің өлшемі – 11 кем емес. Шеткі және астыңғы шекарлардың өлшемі – 0,5-см-денкем емес;
  •  Түйіндеменің дизайні қарапайым және оқуға оңай болуы қажет;
  • Түйіндемеде маңызды ақпаратты бөлімдерге бөлу,  абзацтады қолдану, ақпараттың астын сызу немесе жақшаларды қолдану;
  • Грамматикалық, лексикалық және пунктуациялық қателердің болмауы;
  • Белсенді етістіктерді және негізгі сөздерді жетістіктер мен нәтижелерді байланыстыру үшін қолдану;
  •  Кері хронологиялық тәртіпті қолдану (ең алдымен соңғы жұмыс орныңызды жазыңыз);
  • Жеке есімдіктерді қолданбау.

 Түйіндеме  жазудың негіздері: 

Ілеспе хаттарда ұсынылған жұмысқ, компаняиға  сіздің қызығушылығыз  жазылуы тиіс. Ілеспе хат – сіздің даралығыңыз бен бірыңғайлығыңызды жазу стиліңіз бен қарым-қатынас дағдылары арқасында көрсету. Түйіндеме әрбір жұмыс орны үшін кішкене өзгертіле алады, ал ілеспе хат әрбір жұмыс орны үшін аранйы жазулуы тиіс.

Егер сізге көмек керек болса, Мансап және кәсіптік бағдаралу орталығының кеңесшісімен кезедсуге келіңіз және ілеспе хатыңызға сын алыңыз және біздің арнайы семинарларымызға келіңіз.