Практика

Қысқа мерзімді және стандартты практиканың арасындағы айырмашылық қандай?

Қысқа мерзімді практика стандартты практикаға өте ұқсас. Практиканың екеуі де студенттерге олардың таңдап алған саласы мен кәсібінің барлық жақтарын түсінуге мүмкіндік береді. Алайда осы практикалардың арасында нақты айырмашылықтар бар:

Ұзақтығы

Практика 1-3 ай, семестр, кейде бір жыл уақытқа дейін бола алады. Ал қысқа мерзімді практика, атына сай қысқа мерзімді бағдарлама болып табылады. Қысқа мерзімді практиканың ұзақтығы бір күннен бір аптаға дейінгі мерзімді құрайды, өз кезегінде студенттерге қысқы немесе көктемгі каникул кезінде өз бағдарламаларын аяқтауға мүмкіндік береді.

Тәжірибе

Студенттерге практиканттар ретінде тапсырмалар беріледі, міндеттемелерді орындау талап етіледі, жұмыс мерзімдері белгіленеді, осының бәрі ұйымның кез келген  қызметкеріне қойылатын міндеттемелерге ұқсас. Ал қысқа мерзімді практика мамандардың жұмыс үрдісіне сырттан байқап жүру мүмкіндігін береді.

Өтемақы

Кейбір практикалар өтеусіз негізде жүргізіледі, ал кейбіреулері тұру мен жол жүру шығындарына өтемақы төлемдерін қамтуы мүмкін. Сонымен қатар НУ-де практикада алынған кредиттерді есепке алу мүмкіндігі қаралған. Қысқа мерзімді практика негізінде тегін және олар үшін кредит есептелмеуі мүмкін. Осындай практика студенттерге болашақ мамандықтарымен танысу мүмкіндігін беру үшін жүргізіледі.

Практикадан өту неліктен өте маңызды?

  • Студент алғашқы кәсіби тәжірибе алады және өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;
  • Практика қажетті білім мен дағдылар алуға көмектеседі;
  • Практика оқу процесіне ұқсас, оның барысында сұрақтар қоюға болады, бұл өз кезегінде оқытудың негізгі факторларының бірі болып табылады;
  • Практика  әдетте, ақысыз болады, бірақ студенттерге кез келген ұйымда немесе жалпы бір салада жұмыс үрдісін ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын түсінуге мүмкіндік береді.

Сіздің назарыңызға пайдалы сілтемелер:

Қазақстан ЖОО білім алушыларының арасында өткізілген сауалнама нәтижелері  Report-Universum Career Test 2015 — Nazarbayev University

Практикадан өту бойынша ұсынылатын стандарттар Suggested standards for Internships

Basics for Starting an Internship Program- UW LSCS

Барлық практикаларға қойылатын негізгі талаптар  Basic Criteria for All Internships

Best practices of the world’s leading universities