Практика түрлері

Практиканың түрлері

Назарбаев Университеті мен практикадан өтуге қабылдайтын ұйым арасындағы қаржылық келісім осындай қаржылық келісімдердің сипаты көрсетілетін жазбаша шарт түрінде ресімделуі тиіс.

СКБДО сол немесе басқа ұйымда практикадан өту мүмкіндіктері туралы хабардар етеді. Студенттер түйіндеме мен академиялық үлгерімі туралы көшірме үзіндіні (қажеттілігіне қарай) жолдай отырып, өтінім береді. Шақыруды алған соң студент кредиттік практикадан өту үшін өтінім бланкісін толтырады, толтырылған бланк кейіннен Мектептің кеңсесіне жіберіледі.

  • Кредиттік практикаға Мектептер жетекшілік етеді және аталған практика дәреже берілетін бағдарламаларға өз үлесін қосады. Практикадан өту кезінде Кредиттерді аудару мен жинаудың еуропалық жүйесі бойынша (ECTS) 6 кредитке дейін алуға болады. Студенттердің практикадан өтуіне бақылауды жүзеге асыратын Мектептің жанындағы Комитет практиканың барлық түрлерін қарап, оларды бакалавриат бағдарламасының студенттеріне арналған жалпы саны 12 кредитке дейін ECTS қосымша 6 кредитін алуға келісім бере алатын деканға ұсынады. Практика Мектеп белгілеген пәндердің жалпы санына кіреді.
Шектеулер

  1. Студенттер жоғарыда аталған талаптардан тыс практикадан өте алады, алайда практиканың осындай түрлері ресми түрде танылмайды.
  2. Кредиттік практика жоғарыда аталған ережелерге, сондай-ақ Мектептің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс, олай болмаған жағдайда практика академиялық үлгерім туралы көшірме үзіндіге енгізілмейтін болады.
  3. Практика кезінде алынған кредит қатаң түрде уақытында және студенттің практикадан өткен кезеңі ішінде есепке алынады.
  4. Шетелге баратын студенттер медициналық сақтандыруды рәсімдеулері тиіс.
  5. Практикантқа практика аяқталған соң жұмысқа тұру құқығын беру міндетті емес.
  6. Практика ағылшын тілінде сөйлейтін ортада жүзеге асырылуы міндетті емес.
  7. Практиканттың кредит алу жоспарын мектеп практика басталар алдында мақұлдайды, кредиттер қатаң түрде уақытында және студенттің практикадан өткен кезеңі ішінде есепке алынады.
  8. Практика кезінде алынған кредиттер басқа мекемелерге берілмеуі тиіс.
  • Рұқсат етілген практика кредиттік практика болып табылмайды, бірақ СКБДО-ның және/немесе Мектептердің пікірі бойынша студенттердің тәжірибе алуы үшін өте маңызды болып табылады. Мақұлданған практикаға басшылықты СКБДО жүзеге асырады.
Шектеулер

  1. Рұқсат етілген практиканы СКБДО ол басталғанға дейін мақұлдайды; практиканы өткен күнмен келісуге жол берілмейді.
  2. Практика ағылшын тілінде сөйлейтін ортада жүзеге асырылуы міндетті емес.
  3. Практикантқа практика аяқталған соң жұмысқа тұру құқығын беру міндетті емес.
  4. Студенттер жоғарыда аталған талаптардан тыс практикадан өте алады, алайда практиканың осындай түрлері ресми түрде танылмайды.
  • Рұқсат етілмеген практика – Университет тарапынан бақылауға алынбайтын практика, студент осындай практиканы өз бетінше ұйымдастырады.

НУ студенттерге осындай практиканың түрінен өтуді талап етпейді. Егер студенттер практикадан өтетін жерді өздері тауап алса, олар практика басталғанға дейін СКБДО-мен байланысулары қажет. СКБДО студентке осындай практиканың келісілгенін анықтап беруге көмек көрсетеді.