Оқуды жалғастырғыңыз келе ме?

Түпкілікті шешім қабылдар алдында және бағдарламаны таңдау кезінде мыналарға ерекше назар аударыңыз:

  • Оқуды жалғастыру туралы қашан ойланған жақсы?

Медицина және ғылыми қызмет деген кәсіби қызмет түрлері қызметкерден магистр немесе доктор дәрежесін талап еткен кезде, бакалавр дипломы бар қызметкерлер де мансаптық саты бойынша алғашқы қадам жасауға көптеген мүмкіндік алады. Бакалавр дәрежесін алған соң оқуды жалғастыруды әдеттегі әрекет ретінде қарастырмаңдар. Кейбір мамандықтар үшін магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастырғаннан гөрі алдымен бастапқы практикалық және өмірлік тәжірибе жинақтаған абзал.

  • Сізге қандай бағдарлама лайықты?

Іскерлік Әкімшілендіру (MBA дәрежесі) сияқты кәсіби магистратура бағдарламалары практикалық дағдыларға үйрену немесе мансаптық саты бойынша жоғары көтерілу үшін құрылған.

Ғылым Магистрі (Master of Science) сияқты академиялық дәрежелер зияткерлік даму немесе Доктор дәрежесін алу мақсатында алғашқы қадам жасауға ниет білдіргендер үшін құрылған.

Доктор дәрежесі (Ph.D.) ең жоғары академиялық дәреже.

  • Қандай университетті таңдап алу қажет?

Өзіңізге пайдалы сілтемелерді, құжаттарды тапсыру мерзімі, байланыс ақпарат туралы мәліметтерді оңай тауып алу сіздер үшін университеттер тізімін жасадық. Тізімге Солтүстік Американың, Еуропаның, Азия мен Тынық мұхиты аймағының жетекші университеттері кірді. Құжат Назарбаев Университетінің үш бакалавриат факультеті үшін сілтемелерді қамтиды.

grad school