Қаржыландыру бағдарламалары

  • «Болашақ»халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен бекітілді.   «Болашақ» стипендиясы түлектер үшін мансаптық өсу және кәсіби өз өзін жетілдіру жолында бірігей мүмкіндік болып табылады.

Халықаралық бағдарламалар орталығының  ресми сайтында Сіздер ЖОО-лар мен қаржы бөлінетін мамандықтардың тізімін, құжаттарды беру мерзімі мен талаптарын, конкурс туралы сипаттаманы таба аласыздар. Жедел телефон желілері: 8 (7172) 24 93 85; 24 93 86; 76 90 82; 76 90 83; 76 90 84; 76 90 81

Ақпарат көзі: http://bolashak.gov.kz

  • DAAD Германдық академиялық алмасулар қызметі студенттермен және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасуға қолдау көрсету бойынша әлемдегі ең ірі ұйым. DAAD студенттермен және ғалымдармен академиялық алмасу қызметін ұйымдастырады және қаржыландырады, германистика мен неміс тілін оқуға қолдау көрсетеді, германияда оқу және зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді, сондай-ақ германияның жоғары оқу орындарының беделі мен интернационалдығын арттыруға көмек көрсетеді.

Бағдарлама туралы толығырақ Сіз ресми сайттан біле аласыздар.

Ақпарат көзі:  https://www.daad.kz

  • Дж. Вильям Фулбрайттың бағдарламасы 1946 жылы Америка халығы мен әлемнің түрлі елдерінің халқы арасындағы өзара келісім орнату мақсатында құрылған. Бүгінгі күні Фулбрайт бағдарламасы дүние жүзіндегі ең танымал және беделді бағдарлама болып табылады.

АҚШ Елшілігінің ресми сайтында  бағдарламаның толық сипаттамасы, қажетті құжаттарды беру мерзімі мен тізбесі туралы ақпаратты толығырақ алуға болады.

Ақпарат көзі: http://kazakhstan.usembassy.gov

  • Эразмус Мундус– бұл жоғары білім беру саласында алмасу мен ынтымақтасу үшін еуропалық жоғары білімнің сапасын арттыруға және үшінші қатардағы елдермен өзара әрекеттесу арқылы адамдар мен мәдениет арасындағы диалог пен түсіністікке қолдау көрсетуге бағытталған бағдарлама.

Бағдарлама туралы ақпаратты орыс тілінде Қазақстан республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ресми сайтынан алуға болады.

Ақпарат көзі:  http://eeas.europa.eu/delegations/kazakhstan

  • Оңтүстік Корея үкіметінің стипендиялары. Оңтүстік Кореяның түрлі министрліктері шетелдік студенттерге стипендиялар ұсынады.

Ақпарат көзі: http://www.studyinkorea.go.kr