Жұмыс Берушілерге

Назарбаев Университетінің  мансап және кәсіптік бағдарлау  орталығының Yevgeniyaпарақшасына қош келдіңіздер! Жұмыс берушілерге арналған парақшасында жиналған ақпарат сіздерге пайдалы, әрі біздің келешек әріптестігіміздің келесі қадамы болады деп үміттенеміз.

Орталықтың Қазақстанның мемлекеттік және іскери ұйымдары мен біліктілігі жоғары мамандар, яғни назарбаев Университеті студенттері мен түлектерінің арасында байланыс орнататын буын болып табылады.

Біздің мақсатымыз – студенттеріміз бен түлектерімізге олардың мансаптық мақсаттары мен оларға жету жолдарын айқындауға және оны іске асыруына көмек көрсету. Сонымен қатар, біз Назарбаев Университетінің түлектері арасынан келешек қызметкерлер іздеуге мүдделі жұмыс берушілер, яғни Сіздермен, тығыз жұмыс жасаймыз. Біздің орталығымыз осы процесті үйлестіре отырып, ең жоғары сапалы қызмет көрсетуге тырысады.

Сіздерді біздің ұйымшыл, әрі әрдайым қол ұшын беруге дайын ұжымымыздың көмегіне жүгінеге шақырамыз. Біздің орталық академиялық іс-тәжірибе, университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу және қызметке қатысты басқа да мәселелерде қолдау көрсетеді.

“Кейбір адамдарға табысты болу мандайларында жазылған. Алайда, олардың көбісі табысқа оны мақсат етіп қойғандықтан ғана жетеді” деген сөз бар.

Сондықтан, бар күшімізді осы мақсатқа жұмылдыра оторып, табысқа бірге жетейік.

Ізгі ниетпен,

Евгения Ким

Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының директоры