Мамандықтар күні

Студенттерге өздері таңдап алған мамандық туралы түсінік беруге, қандай да бір мамандықты танып білу мүмкіндігін беруге бағытталған бір күндік іс-шара.

Студенттердің өз мамандықтары бойынша болашақ жұмысы туралы түсінікті қалыптастыруы, сондай-ақ Университетті бітірген соң жұмыс ортасына қатысты объективті болжамдар алуы үшін түрлі салалардан өкілдер шақырылады. «Компания Күні» іс-шарасы студенттерге мансаптық саланы өзгерту немесе мамандықты өзгерту мәселелерін талдау мен қайта қарау мүмкіндігін береді. Әлеуетті жұмыс берушілермен ертерек өзара іс-әрекет еңбек нарығындағы талап етілетін дағдылар мен білім туралы түсінік алуға өте пайдалы.

Студенттермен кездесулерді ұйымдастыру және уақыты мен кесте бойынша толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Кездесулер әдетте жұмыс күні уақытында сағат 18.00-18.30-да өткізіледі (студенттердің сабақтары сағат 17.00-17.30-да аяқталады).

2016-2017 ж. іс-шаралардың күнтізбесі

top-ten-reasons-why-you-need-a_1406442726