НУ Кампусында жұмыс орналастыру

Вакансияларды орналастыру

НУ студенттері мен түлектерін жұмысқа алу мәселесін қарастырғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. НУ-дың дарынды студенттерімен қарым-қатынастар орнату үшін төменде келтірілген нұсқауларды орындаңыз.

Жұмыс берушінің аккаунтын тіркеңіз
  1. Жұмыс берушіні тіркеу нысанын толтырыңыз.
  2. Қолданыстағы электронды мекенжайды пайдаланыңыз (атыңыз@компанияның атауы.com). Жеке электронды мекенжайды пайдалану тексеру және растау үрдісін бөгейді*
  3. Сілтемені компанияның веб-сайтына қосыңыз.
  4. Егер СКБДО сіздің Жұмыс берушіні Тіркеу туралы ақпаратыңызды растаса (3 жұмыс күні ішінде),   сіз электронды пошта арқылы пароль аласыз.

* Бала күтіміне байланысты және басшы лауазымдар, егер СКБДО лайық деп санаса, қосылмауы мүмкін.

СКБДО CareerNet сайтында вакансияларды, оның ішінде практикадан өту туралы ақпаратты орналастырыңыз

  1. Кіру үшін парақтың үстіңгі бөлігіндегі жерді басыңыз
  2. Өзіңіздің электронды мекенжайыңызды пайдаланушының аты ретінде жазыңыз және пошта арқылы алған пароліңізді енгізіңіз, сайтқа кіріңіз.
  3. НУ-да вакансиялар немесе тегін практика туралы жазба жасау үшін «НУ үшін вакансиялар туралы хабарландыру жасау» дегенді басыңыз.
  4. Вакансиялар туралы жазба жасау үшін нысанды толтырудан бастауға болады.
  5. Сіз ұсынған лауазым НУ студенттері мен түлектері үшін СКБДО CareerNet сайтында паролі қорғалған, вакансиялар мен практикадан өту жерлер туралы онлайн деректер базасында 48 сағат бойы қолжетімді болады.

Құралдар

Өз түлектерімізді жұмысқа орналастыру үшін біз жұмыс берушілерге НУ-да жұмысқа жалдау құралдарын пайдалану мүмкіндігін ұсынамыз.

Сіздер сынақтар өткізу үшін зертханаларға және сұхбаттасу жүргізу үшін үлкен емес бөлмелерге бронь жасай аласыз.

Сұхбаттасу Skype арқылы өткізілген жағдайда, біз студенттерімізге конференциялар үшін жабдықталған үй-жайларды ұсынамыз.

shutterstock_132759020