НУ мектептері

Инженерия мектебі

Назарбаев Университетінің Инженерия мектебі Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық технологиялар, механика, құрылыс және электроника саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады.

Ғылым және технологиялар мектебі

Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебі студенттер мен оқытушыларға арналған бірегей зияткерлік ортаны құрады. Ұсынылатын білім беру бағдарламалары оқыту мен сабақ берудегі жаңаша тәсілдерді қолдану тәжірибесі мен оқу процесін іргелі талдаудың нәтижесі бойынша әзірленген. Мектеп Назарбаев Университетінде ұсынылатын мамандықтардың ең ауқымды тізбесін құрайды.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

Назарбаев Университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді. Мектеп ең өзекті мәселелер бойынша жалпы көпшілікке ашық сан алуан семинарларды өткізеді.

Медицина мектебі

Назарбаев Университетінде Медицина мектебі 2015 жылы ашылды. 2011 жылы Назарбаев Университетінде Премедицина бағдарламасы/Ғылым және технологиялар мектебі жанында Биомедицина жұмыс істейді. Премедицина бағдарламасы негізгі биомедицина ғылымдарында терең білімі бар және олардың физика ғылымдарымен және математикамен өзара байланысын түсінетін жан-жақты мамандарды даярлауға бағытталған.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық проблемаларын шешуде қоғамдастықтың және жеке сектордың ақпараттануын арттыруға көңіл бөле отырып, мемлекеттік қызметшілерді, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларын оқытуға бағытталған.

Жоғары бизнес мектебі

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі – іскери көшбасшылар үшін құрылған перспективалық академиялық мекеме. Мектеп әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірінде бизнесті басқару саласындағы білім берудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Біздің бағдарламалар бизнес-басқару саласында жоғары сапалы білім алуға, өзінің іскери байланысын кеңейтуге және алған білім мен дағдыларын өз қызметінде барынша қолдануға мүмкіндік береді. “Executive MBA”мектебінің бағдарламасымен танысыңыздар.

Жоғары білім беру мектебі

Жоғары білім беру мектебі Қазақстан Республикасында және Орталық Азияда халықаралық тәсілді сақтай отырып, білім беру реформасына ерекше көңіл аударумен қатар оқыту және білім беру саласындағы зерттеулер бойынша әлемдік деңгейдегі орталық болуды көздейді. Мектеп білім беру мәселелері саласында мектепке дейінгі деңгейден бастап университеттік деңгейге дейінгі озық зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған. Магистратура (M.Ed.) бағдарламасы бойынша оқыту екі бағытта жүргізілетін болады: School Leadership және Higher Education.