Жұмыс Берушілерге

Назарбаев Университетінің мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының парақшасына қош келдіңіздер! Жұмыс берушілерге арналған парақшасында жиналған ақпарат сіздерге пайдалы, әрі біздің келешек әріптестігіміздің келесі қадамы болады деп үміттенеміз.
Орталықтың Қазақстанның мемлекеттік және іскери ұйымдары мен біліктілігі жоғары мамандар, яғни назарбаев Университеті студенттері мен түлектерінің арасында байланыс орнататын буын болып табылады.
Біздің мақсатымыз – студенттеріміз бен түлектерімізге олардың мансаптық мақсаттары мен оларға жету жолдарын айқындауға және оны іске асыруына көмек көрсету. Сонымен қатар, біз Назарбаев Университетінің түлектері арасынан келешек қызметкерлер іздеуге мүдделі жұмыс берушілер, яғни Сіздермен, тығыз жұмыс жасаймыз. Біздің орталығымыз осы процесті үйлестіре отырып, ең жоғары сапалы қызмет көрсетуге тырысады.
Сіздерді біздің ұйымшыл, әрі әрдайым қол ұшын беруге дайын ұжымымыздың көмегіне жүгінеге шақырамыз. Біздің орталық академиялық іс-тәжірибе, университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу және қызметке қатысты басқа да мәселелерде қолдау көрсетеді.
“Кейбір адамдарға табысты болу мандайларында жазылған. Алайда, олардың көбісі табысқа оны мақсат етіп қойғандықтан ғана жетеді” деген сөз бар.
Сондықтан, бар күшімізді осы мақсатқа жұмылдыра оторып, табысқа бірге жетейік.
Ізгі ниетпен,
Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының директоры

Мансапты дамыту бойынша семинарларды персонал мүшелері мен компанияның өкілдері өткізеді. Тақырыптар аясы ілеспе хатты жазу мен істерді шешу жолдарын қамтыды.
Тақырыптар үлгілері:
  • Жұмыс орындарының 80% жарияланбайды. Оларды іздеп табуға үйреніңіздер
  • Жұмыс іздеу жоспарыңызды қалай кеңейтуге болады
  • Сіздің маркаңыз
  • Онлайн және оффлайн ресурстарын пайдалана отырып, байланыс орнату бойынша желілік жоспарыңыз бар ма?
  • Жұмыс беруші үшін сіздің қандай құндылығыңыз бар?
  • Түйіндеме жазу
  • Компанияның мақсаттарын сіз анықтадыңыз ба?
  • Сіз өзіңізді қалай жоғары сата аласыз?
Тақырыптарды, мақсатты топты және кестені талқылау үшін бізбен байланысыңыз.

Компания күні
Аптасына бір рет (емтихан кезеңін қоспағанда) біз компаниялар өкілдерін студенттермен таныстыру, жұмыс орындары мен практикадан өту мүмкіндігі және олардың компанияларындағы корпоративтік мәдениет туралы әңгімелесуге шақырамыз.
Рұқсат берілген жерлерді тексеру және студенттермен кездесу кестесін белгілеу үшін бізбен хабарласыңыздар. Кездесулер әдетте жұмыс күндері сағат 16.00-18.30 аралығында өтеді.
Компания күнін өткізу жұмыс берушілерге студенттермен қарым-қатынас орнатуға, біліммен бөлісуге және студенттерді ұйыммен таныстыруға мүмкіндік береді.



Кәсіпорындарға job shadowing – мамандардың жұмысын байқап қарау элементтері бар экскурсиялардың мақсаты – студенттердің күнделікті жұмыс және кәсіби ортаға байланысты барлық жағдайлар туралы мәлімет алуы үшін байқап қарауды ұйымдастыру болып табылады.
Жоспарланған іссапарлар бойынша толығырақ ақпарат алу және студенттермен кездесулерді ұйымдастыру үшін бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз. Экскурсиялар әдетте жұмыс күні 17.00 сағатқа дейін өтеді.

Өткен сапарлар:
Жоспарланған сапарлар:
Aбу Даби Плаза
Электровоз құрастыру зауыты
Tұлпар Тальго
Coca Cola зауыты
Aстана Солар
ҚазҒарышСапары
Хайвилл
Еврокоптер
Мамандық күні
Студенттерге өздері таңдап алған мамандық туралы түсінік беруге, қандай да бір мамандықты танып білу мүмкіндігін беруге бағытталған бір күндік іс-шара. Студенттердің өз мамандықтары бойынша болашақ жұмысы туралы түсінікті қалыптастыруы, сондай-ақ Университетті бітірген соң жұмыс ортасына қатысты объективті болжамдар алуы үшін түрлі салалардан өкілдер шақырылады. «Компания Күні» іс-шарасы студенттерге мансаптық саланы өзгерту немесе мамандықты өзгерту мәселелерін талдау мен қайта қарау мүмкіндігін береді. Әлеуетті жұмыс берушілермен ертерек өзара іс-әрекет еңбек нарығындағы талап етілетін дағдылар мен білім туралы түсінік алуға өте пайдалы.
Студенттермен кездесулерді ұйымдастыру және уақыты мен кесте бойынша толығырақ ақпарат алу үшін бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Кездесулер әдетте жұмыс күні уақытында сағат 18.00-18.30-да өткізіледі (студенттердің сабақтары сағат 17.00-17.30-да аяқталады).

Байланыстар

Бізге қоңырау шалыңыз немесе электрондық хат жіберіңіз!
+7(7172) 70 60 68
cac@nu.edu.kz
Назарбаев Университеті / Career and Advising Center
Қабанбай батыр даңғылы 53
Блок 1, 2-ші қабат, 1282 / 1284 / 1285 / 1288 кеңселері
010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы